Самира Хирен: Қазақстан құрамасының болашағы зор
Босния және Герцеговина әйелдер құрамасының бас бапкері Самира Хирен 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанға қарсы өткен матч туралы пікір бөлісті.
- Менің ойымша, жақсы ойын болды. Екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды. Біздің футболшылардың шеберлігі жоғары деңгейде, олар өзіне берілген барлық мүмкіндікті сәтті пайдалана білді.
- Тез соғылған гол ойын тағдырын шешті ме?
- Иә, біз үшін ол жақсы әсер етті. Ойынның алғашқы минутында-ақ есеп аштық. Біздің кейбір футболшылар өздерін Қазақстан құрамасынан мықтымыз деп санауы мүмкін, бірақ шындығында олай емес. Қазақстан – ойыны жақсы ұйымдасқан ұжым. Бізге оңай болған жоқ.
- Қазақстан әйелдер құрамасының болашағы туралы не айтар едіңіз?
- Сіздердің командаларыңыз әлі жас. Жаңадан келген ойыншыларға әлі халықаралық деңгейдегі кездесулерде ысылып, тәжірибе жинау керек. Ал егер Қазақстан құрамасының келесі ойындары да бүгінгідей өтсе, осындай керемет инфрақұралымы болса, мемлекет елдегі футболдың дамуына осылайша көңіл бөлсе, онда команданың болашағы зор.