«Астана» биылғы еуромаусымда қанша табыс тапты?
«A<span style="font-size: 18px; font-weight: bold; color: #333333; font-family: 'PT Sans', sans-serif; line-height: normal;">стана» футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінде «Маккабиді» 4:0 есебімен ұтып, өз бюджетін 360 мың еуроға толықтырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі</span><span style="font-size: 18px; font-weight: bold; color: #333333; font-family: 'PT Sans', sans-serif; line-height: normal;">.</span>
«Астана» осы еуромаусымда бүгінге дейін 6 млн 660 мың еуро кіріс келтірген.
«Астана» клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі арқылы қосылды. Қазақстандық клуб екінші кезеңдегі жеңісі үшін 320 мың доллар, ал плей-офф кезеңінен шығып қалғаны үшін үш млн еуро табыс тапты. Сондай-ақ ЧЛ топтық кезеңіне өте алмаған ел чемпионы қосымша 260 мың еуро алды.
Еуропа лигасы топтық кезеңіне шыққаны үшін «Астананың» шотына 2,6 миллион еуро түсті. Осы кезеңдегі жеңіске 360 мың, ал тең нәтижеге 120 мың аударылады. Сондай-ақ қатысушы клубтар маркетингтік құқықтарды сата отырып ТВ-трансляциядан түсетін табыстан процент алады.
Айта кетейік, Еуропа лигасының топтық кезеңі жеңімпаздарына тағы 600 мың еуродан, екінші орын иеленгендерге 300 мың еуродан беріледі.