Есімов кездесуді қақпашы ретінде аяқтады
Премьер-Лиганың 31-турында «Ертіс» - «Ақтөбе» ойынында павлодарлық қақпашы Давид Лория 78-минутта жарақат алды. Бұл кезде алаң иелері пайдалануға болатын барлық үш ауысымды жүзеге асырған еді. Сондықтан, команданы құтқару үшін қорғаушы Руслан Есімов қолғапты киіп, қақпаны қорғады. Есімов 94-минутқа дейін қақпаны берік ұстады, алайда, Томаш Шимкович гол соғып кетті.
Қосымша берілген 8 минуттың ең соңғы минутында Карлос Фонсека баспен соққы жасап, таразы басын теңестірді.
Айта кетейік, 27 жастағы қорғаныс шебінің футболшысы Руслан Есімов мансаптық жолын қақпашы ретінде бастаған болатын, кейін алаңда қорғаушы болып ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или