Владимир Муханов: Ұпай жоғалтқанымыз өкінішті

Владимир Муханов: Ұпай жоғалтқанымыз өкінішті

 

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Муханов «Ертіске» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді. Бұл тартыс 1:1 есебімен аяқталды. 

 

— Ойын өте қызықты болды, тартысты өткені сезілді. «Ертіске» төртінші орын алу керек, ал, біз чемпионатта қалу үшін күресудеміз, сондықтан қос командаға да ұпай қажет еді.

Бірінші таймда алаң иелері аздаған басымдылыққа ие болды, біз өз кезегімізде жоспарлы түрде қорғанып, қарымта шабуылға шығуды көздедік, сонымен қатар, жекелей тұрғыда допқа иелік еттік.

Екі өткір сəт ұйымдастырдық, Шимкович бос қақпаға гол сала алмады, Шырыгин айып алаңынан қақпаның бос тұсын көздей алмады.

 

Екінші тайм екі жақты күресте өтті. Лория кездестіруді жалғастыра алмағаннан кейін біз қажетті деңгейде ойнамадық. Гол соққсақ та, сол минуттарды дұрыс пайдалана алмадық.

 

Өкінішке орай, Жереми бəрін бүлдірді. 

Мүмкін шабуылшы оған қысым берді ме екен, алайда басында көтермей ойнау кәсіби дəрежеде емес. 

12 минут бойы бір ойыншыға көп ойнадық. Жеңіс бізге жақын болу керек еді деп есептеймін. Ұпай жоғалтып алғанымыз өте өкінішті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или