«Маккабиге» қарсы ойынды тамашалауға «Мұра» ҚБ балалары келді

«Маккабиге» қарсы ойынды тамашалауға «Мұра» ҚБ балалары келді

Еуропа Лигасы топтық кезеңінің кешегі «Астана» - «Маккаби» ойынынды тамашалап стадионда «Мұра» қоғамдық бірлестігінің балалары да отырды. 

Ірі футбол ойынына алғаш рет келген дамуы өзгелерден ерекшеленетін балалардың қуанышында шек болмады. Оның үстіне «Астана» футболшылары қарсыластарын 4:0 есебімен жеңіп, сый үстіне сый жасады. 

Елордалық ұжымның жаңа жанкүйерлерінің бірі командаға өз ризашылығын былай білдіреді: «Құрметті «Астана» ФК футболшылары! Сіздерге балаларды футболға шақырып, қуанышқа бөлегендеріңіз үшін алғыс айтамыз! Менің өзімде төрт бала бар, олардың қуанышында шек жоқ! Тіпті Даун синдромына шалдыққан менің ұлым Темірлан қуанғаннан «Астана, алға!» деп анық айтты, мен оны күтпеп едім! Жеңістеріңіз көбейе берсін! Біз Сіздерді мақтан етеміз! Сіздер — Біріншісіздер!», — дейді Мамыр Темірлан. 

«Кеше футболға алғаш рет барып едік, ал біздің команда «Астана» 4:0 есебімен жеңді. Бұл айтулы оқиға болды, біз өте қуаныштымын! Жігіттер, жарайсыңдар! Шақырғандарыңызға көп рахмет! Биік белестерді бағындыра беріңіздер! Ірі жеңістер тілеймін!», — дейді Сәуле. 

«Кеше өте жақсы демалыс болды, шақырғандарыңыз үшін көп рахмет! Біздің балақайлар осындай шараларға көбірек қатысса дер едік. Бізге кешегі ойын қатты ұнады. Осыншалықты күшті ойынның куәсі боламыз деп ойламаған да едім. Бәріміз қуаныштымыз. «Астана» ФК-ға тек қана сәттілік тілейміз!», — дейді Қасен Іңкәр. 

Оларды ойынға команданың өзі шақырды, сондай-ақ клубтың әлеуметтік серіктесі «Samruk Kazyna Trust» та бұған бастамашылдардың бірі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или