Қазақстан мен Словения қыздар құрамалары тең түсті
Матч Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында өтті.
2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ойынын 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Словения футболшыларымен өткізді. Петр Пак шәкіртері алғашқы таймда қорғаныста өте сауатты ойнап, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік бермеді. Әсіресе, қақпашы Ангелина Портнова бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.
Екінші таймда Словения құрамасы алаңға тыңнан ойыншыларды шығарып, шабуылды күшейте түсті. Қазақстан құрамасының қорғанысы екінші таймның ортасына дейін сыр бермеді. Кездесудің 63-минутында Словения ойыншысы Адрияна Мори өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып, есеп ашты. Араға алты минут салып Маруша Чесник есепті еселей түсті. Кездесудің соңғы минутында Словения футболшылары тағы екі гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді.
Словения U19 - Қазақстан U19 - 4:0 (0:0)
Голдар: Адрияна Мори 63, 90+1, Маруша Чесник 69, Сара Маковец 90.
Словения U19: Ника Шапек (в), Лана Голоб, Тия Врховник (Исабелла Плетерски 83), Сара Агреж, Сара Маковец, Изабела Крижай, Адрияна Мори, Уршка Братуша (к), Зала Виндишар (Тинкара Франгеж 73), Ника Пинтарич (Тяша Кавшек 46), Маруша Чесник.
Қазақстан U19: Ангелина Портнова (в), Асем Жақсымбай, Айша Садықова (Надежда Иванюк 51), Құндыз Қожахмет, Анастасия Низамутдинова (Ангелина Флют 68), Айдана Серікбай, Ольга Волкова, Камила Акшалова, Шынар Шарапиденова (Айдана Жәутікова 76), Арайлым Орынбасарова, Мадина Әмірбек (к).
Төрешілер: Ольга Терешкова (Беларусь), Елена Карась (Беларусь), Марина Стрелецкая (Украина), Анастасия Романюк (Украина).
Шымкент. «Намыс» стадионы. 21 қазан, 2017 жыл.