Қазақстандық футболшы қыздар тағы ұтылды

Қазақстандық футболшы қыздар тағы ұтылды

Петр Пак командасы қарсыластарына 0:4 есебімен жол берді.

Құрлықтың біріншіліктің іріктеу кезеңіндегі 2-ші топ матчында 19 жасқа дейінгі футболшы қыздарымыз Шымкентте словениялық құрдастарымен кездескен. Алаң иелерінің қақпасына төрт гол соғылды.

Адриана Мори дубль жасаса, Маруш Чесник пен Сара Маковец бір голдан соғып шықты. Екі ойыннан кейін Қазақстан құрамасы ұпай жинамай, соңғы орында тұр.

24 қазанда енді отандастарымыз Уэльспен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или