Касильяс жаттығуда телефон ұстағаны үшін жазаланды

Касильяс жаттығуда телефон ұстағаны үшін жазаланды

«Портудың» бапкерлік штабы испаниялық қақпашыны жазалады.

O Jogo ақпаратына сүйенсек, «айдаһарлардың» бапкерлік штабы Касильясты жаттығуда телефон ұстағаны үшін қосалқы құрамға жіберген. Клубта жаттығу кезінде телефон ұстауға қатаң тыйым салынған.

36 жастағы қақпашы Чемпиондар лигасында «РБ Лейпцигке» қарсы ойынға қатысқан жоқ. Осы маусымда ол он матчтың жетеуінде гол жіберген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или