Қазақстан УЕФА рейтингісінде өз орнын сақтап қалды

Қазақстан УЕФА рейтингісінде өз орнын сақтап қалды

Еуропа Лигасында «Астана» израильдік «Маккабиді» ұтқаннан кейін Қазақстан УЕФА елдері рейтингісінде өз позициясын сақтап қалды.

Бұл рейтингіге соңғы бес маусымдағы нәтижелер есептеледі.

Осылайша, Қазақстанның соңғы бес маусымдағы коэффициенті 16,875 ұпайды құрады. Мұндай көрсеткішпен Қазақстан 28-орында келеді. 27-ші сатыда – норвегиялықтар (16,925) тұр. Ал Қазақстаннан кейінгі 29-шы орынға Сербия (16,250) жайғасқан.

Айта кетейік, үздік үштікте Испания (93,998), Англия (67,891) және Италия (66,249) елдері келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или