Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Франциядан ірі есеппен ұтылды
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтсіз бастады.
Қазақстандық футболшылар алғашқы матчында франциялық құрдастары ірі есеппен жол берді – 0:5. Француздар бес голды да бірінші таймда соғып тастады. Ал 58-минуттан бастап Франция жасөспірімдері 10 ойыншымен қалды.
Алтыншы топта бұл құрамалардан бөлек Беларусь пен Словения бар.
Қазақстан енді 22 қазанда Словениямен, 25-де Беларусьпен ойнайды. Топтан элиталық кезеңге 2 команда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или