«Астана» «Маккаби» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты

«Астана» «Маккаби» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» мен «Маккаби Тель-Авив» командалары арасындағы ойын алаң қожайындарының ірі жеңісімен аяқталды.

Кездесудің алғашқы жарты сағаты екі команданың кезек шабуылымен өтті. Ал ойынның 34-минутында Шомко тепкен айып соққысы кезінде қонақ команданың қорғаушысы өз айып алаңында қолмен ойнап төреші он бір метрлік айып соққысын белгіледі. Нүктеге келген Твумаси мүлт кетпей, «Астана» есеп ашты.

Бірінші тайм аяқталуға бір минут қалғанда дәл осы Шомко мен Твумаси жұбы есепті 2-0 жеткізді. Алғашқысы керемет пас берсе соңғысы есепті еселеді.

Кездесудің екінші таймы басталысымен алаң қожайындары үшінші голды соқты. Бұл жолы жеке шеберлігін паш еткен Кабананга болатын.

Ойындағы төртінші гол да ұзақ күткізбеді. Кабананга кездесудегі екінші голын соғып елордалық команда төрт доп басымдығына ие болды.

Бұл кездесудегі соңғы гол еді. «Астана» ойынның қалған уақытында бірнеше өткір шабуыл ұйымдастырғанымен есеп өзгермеді.

Бұл ойыннан соң елордалық ұжым турнирлік кестеде екінші орынға көтерді. Жалғыз ұпай жинаған «Маккаби» көш соңында.

«Астана» – «Маккаби» – 4:0 (2:0)

Голдар: Твумаси 33 (пен), Твумаси 42, Кабананга 47, Кабананга 52.

«Астана»: Ерич, Аничич, Логвиненко, Шомко, Шитов, Маевский, Бейсебеков (Тагыберген 85), Твумаси, Муртазаев, Кабананга, Мужиков (Граховац 68).

«Маккаби»: Райкович, Бабен, Бен-Хаим, Давидзадзе, Шпунгин, Баттоккио, Йейни, Перец (Рикан 46), Кьяртассон (Тиби 75), Блэкмэн, Сушич (Атар 46) .

Ескерту алғандар: Мужиков 13, Перец 33, Блэкмен 41, Шитов 61.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или