Егор Филипенко: «Астананың» өз алаңында «Вильярреалдан» ұпай алатын мүмкіндігі бар

Егор Филипенко: «Астананың» өз алаңында «Вильярреалдан» ұпай алатын мүмкіндігі бар

Егор Филипенко: «Астананың» өз алаңында «Вильярреалдан» ұпай алатын мүмкіндігі бар»

Израильдің «Маккаби» командасында Беларусь ұлттық құрамасының қорғаушысы Егор Филипенко өнер көрсетеді. Ол жастар құрамасымен 2011 жылғы Еуропа чемпионатының қоласын жеңіп алған болатын. Бұл ойыншы «Маккабиден» тыс БАТЭ, Мәскеудің «Спартак» және испаниялық «Малага» клубтарында да ойнаған болатын. Сондықтан да 29 жастағы футболшыдан «Астана», оның құрамындағы отандастары — Шитов пен Маевский, Испания чемпионаты туралы пікірлеріне қызығып, сұхбатқа тарттық.

— Егор, Еуропа Лигасынан бастасақ, команда бұл турнирде өз алдына қандай мақсаттарды қойып отыр?

— Меніңше, «Маккабидің» де, «Астананың» да алдында топтан шығу міндеті тұр. Сондықтан да әрбір ойында ұпай алуға тырысамыз.

— Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі келесі турда командаңыз «Астанаға» қарсы ойнайды. Қазақ командасы туралы не білесіз?

— «Астана» Қазақстанның соңғы үш жылдағы үздік клубы, еурокубоктардың топтық кезеңдерінде өнер көрсетеді. Онда менің екі жерлесім жүр, олармен әңгімелескенде үнемі ұнамды сөздер айтады. Сондықтан да қиын ойын болады деп ойлаймын. «Астана» мен «Маккаби» деңгейлес командалар, сондықтан да осы екі ұжымның арасындағы ойындар топтан шығу үшін кім күрес жүргізетінін шешеді.

— «Астанадағы» беларустар, яғни Иван Маевский мен Игорь Шитов туралы өзіңіз айтып қалдыңыз. Беларусь құрамасында бірге ойнадыңыздар, олар жайында не айта аласыз?

— Мен оларды тек жақсы жағынан сипаттай аламын. Екеуі де деңгейі жоғары футболшылар, қазақстандық жанкүйерлер де оған көзі жетіп отырған шығар. Олар үнемі негізгі құрамда ойнайды, демек, командаға ішкі біріншілікте де, еурокубоктарда да мақсатқа жету жолында көмегі тиіп отыр. Бұл олардың деңгейін тағы бір рет айғақтай түседі.

— «Астанада» немесе жалпы Қазақстан чемпионатында ойнайтын басқа бір футболшыны танисыз ба?

— Игорь Зенковичпен таныспын, ол сіздің елде біраздан бері жүр.

— Сіз бір жыл Испанияда болыңыз, осы маусымның алдында «Астананың» жартылай қорғаушысы Неманья Максимович те сонда кетті. Испания чемпионаты Еуропаның ең үздігі ме, жоқ па деген пікірталас толастамай келеді. Сіз Испания чемпионатының артықшылықтары туралы айта аласыз ба?

— Еуропаның үздігі ме, жоқ па, оны дөп басып айту қиын. Бірақ әрбір командаға күшті футболшылар жиналған, олар допқа иелік етуге құмар әрі қысымға да жақсы төзеді. Осы жайт, испаниялықтар ұнататын техникаға көбірек иек артатын футболмен қоса алғанда, Испания чемпионатын күшейте түседі. Кемшіліктерінің бірі ретінде чемпиондыққа таласатын екі клубтың басқалардан ерекше басым екендігін айтуға болатын шығар. Мәселен, Англияда бірінші орынға таласатын 6-7 команда бар, ал Испанияда олар екеу ғана.

— «Маккаби» мен «Астана» «Вильярреалмен» бір топқа түсті. Екі команда да испандарға қарсы біреуден матч өткізді, бірақ жеңе алған жоқ. Оларға қарсы тұруға бола ма, әлде олар айқын фаворит пе?

— Топтағы командаларға қарасақ, әрине «Вильярреал» фаворит екені көрініп тұр. Бірақ оларды да жеңуге болады дей аламын. Өз алаңымызда жақсы ойнай алдық. Меніше, «Астананың» испандардан кем дегенде 1 ұпай алатын мүмкіндігі бар.

— «Маккабидің» үй стадионы шамамен 15 000 адамға шақталған, ал Астананың стадионы екі есе үлкен. Қалай ойлайсыз, «Астанаға» өз үйінің қабырғалары қосымша басымдық сыйлай ала ма?

— Команда өз алаңында бәрібір басымдыққа ие болады. «Маккаби» жайлы айтқанда, бізге өз алаңымызда ойнау оңайырақ дей аламын. «Астана Аренаның» алаңы жасанды қаптама екендігін білемін, ал біз Израильде табиғи алаңда ойнаймыз. Осы жағынан қиындықтарға кезігуіміз мүмкін. Сондықтан да «Астанаға» бұл белгілі деңгейде басымдық әперуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или