«QazSport» арнасы «Челси» - «Рома» матчын көрсетеді
Қазанның 18-інен 19-ына өтетін түні УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында лондондық «Челси» өз алаңында италиялық «Рома» футбол клубын қабылдайды.
<span> «Стэмфорд Бридж» стадионында өтетін командалар арасындағы тартысты кездесуді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы - 00:35-те. </span>
<span>Қазіргі уақытта Чемпиондар лигасының «С» тобында өнер көрсететін «Челси» «Қарабах» (6:0) пен «Атлетиконы» (1:2) жеңіп, 6 ұпайға ие болып отыр. Ал «Рома» өз алаңында «Атлетикомен» (0:0) тең түсіп, сырт алаңда «Қарабахты» (1:2) жеңген болатын. Осылайша, италиялық клуб 4 ұпайға ие болып, топта тек 6 ұпайы бар «Челсиді» ғана алға жіберіп отыр. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или