Әлемдегі ең танымал спортшылардың тізімі
Америкалық ESPN арнасы өзінің зерттеуінен кейін әлемдегі ең танымал деген 100 спортшының тізімін жасап шықты.

Тізімнің көшін мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орынға баскетболшы ЛеБрон Джеймс ("Кливленд Кавальерс") орналасса, үздік үштікті "Барселонаның" аргентиналық шабуылшы Лионель Месси түйіндеп тұр.

Үздік ондыққа кіретін спотшылардың тізімі:
4. Роджер Федерер (Швейцария, теннис)
5. Фил Миккельсон (АҚШ, гольф)
6. Неймар (Бразилия, футбол)
7. Усейн Болт (Ямайка, жеңіл атлетика)
8. Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол)
9. Рафаэль Надаль (Испания, теннис)
10. Тайгер Вудс (АҚШ, гольф)

Бір айта кетерлігі бұл тізімге тек екі боксшы ғана кіріпті. Олар филиппиндік Мэнни Пакьяо мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес. Олар тиісінше 59 және 89-орындарға жайғасқан.