Гандбол. Ел чемпионатының екінші және үшінші турлары аяқталды

Гандбол. Ел чемпионатының екінші және үшінші турлары аяқталды

<span>Алматының «Достық» спорт кешеніңде гандболдан ҚР чемпионатының екінші туры аясында қыздар арасындағы жоғары және суперлига командалардың екінші және үшінші ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  </span>

<span>Жоғары лигада өнер көрестіп жүрген алматылық ұжым «Север» командасымен жолығып, 36:23 есебімен басым түсті. Өте тартысты әрі қызықты өткен ойынға жиналған жанкүйерлер алматылықтардың қуаныштарымен ортақтасты. Сонымен қатар, суперлигада өткен ойындар да ел назарынан тыс қалмады. «Алматы» мен «Астана» командасы бірінші болып бастаған ойында 50 гол соғылып, көптеген нәтижесіз сәттер де аз болмады. Арсен Бердібековтың шәкірттері 33:17 есебімен астаналықтарды ұтып осы турдағы екінші жеңісіне кол жеткізіп, алға шықты. Бірінші өткен кездесуде алаң қожайындары «Алтай» клубын ұтқан болатын. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или