«Мақтаарал» електік матчқа қатысады

«Мақтаарал» електік матчқа қатысады

2018 жылы Премьер-лигада ойнау үшін таласатын електік матчтың алғашқы клубы анықталды.

ҚКФЛ регламентіне сай, Премьер-лигада 10-шы және Бірінші лигада 3-ші орын алған клубтар маусым соңында өзара матч өткізеді. Қай жеңгені келесі жылы Премьер-лигада ойнайды.

Бірінші лигада «Қайрат А», «Шахтёр-Болат» және «Байқоңыр» клубтары жоғары дивизионға көтеріле алмайтындықтан, олардың көрсеткіштері мұндайда есептелмейді.

Бірінші лиганың үшінші сатысында «Қайрат А» ұжымы тұрғандықтан, електік матчта төртінші сатыдағы «Мақтаарал» ойнайды.

Ал Премьер-лигада 10-шы орында оралдық «Ақжайық» тұр, алайда соңғы үш турдан соң турнир кестесі өзгеріп кетуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или