Зидан мен Гвардиоланың шәкірттері жеңеді
Бүгін Чемпиондар лигасының үшінші туры бастау алады. Назарларыңызға бүгінгі ойындардан экспресс ұсынамын.
Бұл экспресске бүгінгі күннің қос орталық матчын алып отырмын.
Чемпиондар лигасы. 3-тур.
«Реал Мадрид» - «Тоттенхэм» 18.10.2017, 00:45
Н тобының қос көшбасшысы Мадридте кездеседі. Екі клубтың да көрсеткіштері бірдей: 2 жеңіс, голдар айырмашылығы – 6:1. «Тоттенхэм» Англияда қарсылас шақ келтірмейтін топ-ұжым саналғанымен, еурокубоктарда бұл клубтың жолы болмай жүр. «Корольдік клуб» бұл топтың ғана емес, осы Чемпиондар лигасының фавориті саналады. «Реал» мен «Тоттенхэмнің», Роналду мен Кейннің теке-тіресі алаң иелерінің жеңісімен аяқталады.
Бәс: «Реалдың» жеңісі – 1.45 кэф
Чемпиондар лигасы. 3-тур.
«Манчестер Сити» - «Наполи» 18.10.2017, 00:45
Екі клубтың да қарқыны жаман емес. «Сити» соңғы тоғыз, «Наполи» соңғы алты матчты жеңіспен аяқтаған. Бірі Англияда, екіншісі Италияда көш бастап келеді. Бірақ бұл Чемпиондар лигасы. Еурокубокта Пеп Гвардиоланың тәжірибесі мол. Жеңіс манчестерлік клубта қалады деп ойлаймын.
Бәс: «Манчестер Ситидің» жеңісі – 1.67 кэф
Экспресс:
«Реал Мадрид» - «Тоттенхэм»: «Реалдың» жеңісі – 1.45 кэф
«Манчестер Сити» - «Наполи»: «Манчестер Ситидің» жеңісі – 1.67 кэф
Жалпы: 2.45 коэффицент