«Астана» ФК жанкүйерлері «Ертіске» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады
«Астана» футбол клубының «Вконтакте» желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Ертіске» қарсы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.
Ойын елордалық команда пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Ойындағы астаналықтардың жеңіс голын соққан Патрик Твумаси үздік атанды. Шабуылшы өзінің соққан голын дәл осы күні дүниеге келген ұлының туған күніне арнаған еді. Ганалық ойыншыға жанкүйерлердің 36,6% дауыс берген.
Екінші орында 20,7% дауыс жинаған Роман Муртазаев. Роман ойынның екінші таймында алаңға шығып, кездесудегі алғашқы голды өзінің бұрынғы командасына соққан болатын.
Үздік үштікті елордалық команда капитаны Ненад Эрич қорытындылады.

Үздік бестік:
1.Патрик Твумаси 36,6%
2.Роман Муртазаев 20,7%
3.Ненад Эрич 13%
4.Джуниор Кабананга 7,1%
5. Дмитрий Шомко 5,3%
Дауыс беруге 2 714 адам қатысты.