Маурисио Почеттино: Иско өз ойынымен әлемдегі үздіктердің бірі екенін дәлелдеп жүр
«Тоттенхэм Хотспур» командасының бас бапкері Маурисио Почеттино мадридтік «Реалдың» ойыншысы Исконы әлемнің үздік футболшыларының біріне теңеді.
«Кез келген бапкер командасында аты әлемге әйгілі футболшының болғанын қалайды. Иско өз ойынымен әлемдегі үздіктердің бірі екенін дәлелдеп жүр. Оны бірнеше командада ойнағанын бақыладым. Иско әрқашан шабуылды бастап беретін. Ол «Реалда» бар талантын ашты. Оның сиқырын алаңнан көре аласыз», — деді Почеттино Marca.
Айта кетейік,қазанның 17-сінен 18-іне өтетін түні УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында мадридтік «Реал» өз алаңында лондондық «Тоттенхэм» футбол клубын қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или