Qazsport «Реал» - «Тоттенхэм» ойынын көрсетеді

Qazsport «Реал» - «Тоттенхэм» ойынын көрсетеді

Қазанның 17-сінен 18-іне өтетін түні УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында мадридтік «Реал» өз алаңында лондондық «Тоттенхэм» футбол клубын қабылдайды

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өтетін командалар арасындағы тартысты кездесуді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы - 00:35-те. 

Естеріңізге сала кетсек, ойынға жарақатына байланысты 2007-2013 жылдар аралығында «Тоттенхэмда» өнер көрсеткен «Реалдың» ойыншысы Гарет Бэйл қатыса алмайды. 

Қазіргі уақытта Чемпиондар лигасының «H» тобында өнер көрсететін екі команда да екі жеңіске қол жеткізіп, 6 ұпайға ие болып отыр. Бұл матч осы топтың көшбасшысын анықтайды, сол себепті «Реал» мен «Тоттенхэм» арасындағы кездесу тартысты әрі қызыққа толы өтпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или