ҚКФЛ фанаттардың агрессиясына алаңдаулы
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Кубогының финалынан кейін орын алған футбол фанаттарының бұзақы әрекеттерін дұрыс деп есептемейді.
«Жақында БАҚ және әлеуметтік желілерде таратылған жанкүйерді ұрып-соғу видеосы бұзақыларда адамгершіліктің жоқтығын дәлелдейді. Футбол адамдар мен аймақтарды біріктіріп, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу керек» делінген лиганың таратқан мәлімдемесінде.
ҚКФЛ Әкімшілігі Ақтөбе қаласындағы финалға қатысу үшін ұзақ сапар жасаған "Қайрат" және "Атырау" футбол клубтарының жанкүйерлерінің өз командаларын қолдаудағы жоғары деңгейін атап өтті.
Футбол адамдар мен аймақтарды біріктіріп, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу керек.
ҚКФЛ-ның бұл ойы финалдық ойынға келген футбол сүйер қауымға Финалды ашу рәсімінде көрсетілді - стадионға мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды. Біздің ойымызша, футбол алаңы және маңызды ойындар - назар аудару қажет қауымға қолдау көрсетудің қоғамдағы платформасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или