Станимир Стойлов: Біз лайықты жеңіске жеттік
«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов «Ертіске» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл кездесуде елордалықтар 2:1 есебімен басым түсті.

— Бүгін біз үшін маңызды əрі ауыр жеңіс болды. Жалпы айтқанда, біз басымдылық танытып, допқа көбірек иелік еттік. Бірақ, бірінші таймда кейбір эпизодтарда ұтылдық, пас беруде қателік көп болды. Мұның бəрі «Ертіске» екі-үш өткір қарымта шабуыл жасауға мүмкіндік берді.
Екінші таймда қарсыластарды қыспаққа алып, екі гол салдық. Бұдан кейін де үш-төрт ұтымды сəт орын алды, тағы да гол салатын кездер болды. Жалпы, ойын бойынша біз лайықты жеңіске жеттік деп есептеймін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или