Вячеслав Грозный; Шабуылда қателік көп

Вячеслав Грозный; Шабуылда қателік көп

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Вячеслав Грозный «Астанаға» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді. Бұл кездесуде оның командасы 2:1 есебімен ұтылды.

— Осы ойын алдында үш футболшыдан құралған топ сары қағаз алған болатын. Сондықтан, мен олардың ешбірін алаңға шығарған жоқпын. Сөзсіз, егер олар бүгін ойнаса, есеп басқадай болар еді немесе біз басында екі гол салсақ барлығы өзгерер еді, өкінішке орай, шабуылды жүзеге асыруда олқылықтар бар.

«Астана» секілді команданы жеңу үшін мүмкіндіктерді барынша пайдалану керек жəне екінші таймда жіберген қорғаныстағы қателіктерге жол бермеу керек. «Астана» екінші таймда қарқын қосады, бұлай «Славиямен» де болған. Бұл алаңның сапасына да байланысты. Олар осыған бой үйретіп алған, басқалары - жоқ, алайда ол өздерінің мәселесі.

Дегенмен, жігіттер тырысты, қолдарынан келгенін жасады. Өкінішке орай, біз кешірілмейтін қателіктер жібердік жəне өз қақпамызға пенальти алып келдік.

Шешуші үш турда «Тобыл» екеуімізге 9 ұпай жинау керек. Бұл өте қиын, бірақ келесі ойында мен сары қағазы үшін бүгін ойнамаған футболшыларға үміт арта аламын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или