Роман Мұртазаев: «Маккабимен» кездесуде жеңіске жетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлағымыз келеді
«Астана» командасы ҚПЛ-ның 30-шы туры аясында өз алаңында павлодарлық «Ертіс» командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында павлодарлық команда қақпасына алғашқы голды соққан елордалық команда шабуылшысы Роман Мұртазаев матч туралы өз пікірімен бөлісті:
- «Ертіс» - өте ұйымшыл, мықты команда. Олар бірінші таймда алғаш болып есеп ашты. Одан кейін де гол соғатын бірнеше мүмкіндіктері болды. Егер сол бір сәттерді пайдаланып кеткенде, ойын мүлде басқаша болар ма еді... Алайда, біз өзімізде болған мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланып, осы маусымдағы басты мақсатымызға тағы бір қадам жақындай түстік. Енді, алдағы Еуропа Лигасы аясында өткізетін кездесуге тыңғылықты дайындалуымыз керек.
- «Астана» ойынның екінші таймында матч барысын өз қажетіне қарай өзгерте алды...
- «Ертіс» бірінші таймдағы ойын басымдығын ұстау мақсатында, ойынның екінші бөлігінде шабуылға көп шыға қойған жоқ. Олар бірінші кезекте қорғанысты ойлап, қарымта шабуылда ойнады. Ал бізге қалайда есепті теңестіріп, жеңіске жету керек болды. Сол себепті көп шабуылдап, лайықты нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын.
- Команда алдағы «Маккабиге» қарсы кездесуге қандай жағдайда дайындық жұмыстарын жүргізеді?
- Қуанышқа орай, жарақат алған ойыншылар ақырындап қатарға қосылып жатыр. Команда бүгінгі ойыннан кейін, алдағы «Маккабиге» қарсы кездесуге тыңғылықты дайындалатын болады. Біз өз алаңымызда израильдік клубты қабылдаймыз. Құдай қаласа осы ойында жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді.