Владислав Радимов: Аршавин — Ресей футболы тарихындағы ең үздік футболшы

Владислав Радимов: Аршавин — Ресей футболы тарихындағы ең үздік футболшы

«Зениттің» бұрынғы ойыншысы Владислав Радимов Қазақстан Кубогын жеңіп алған «Қайрат» клубының футболшысы Андрей Аршавинді Ресей футболындағы үздік ойыншыға теңеді.

«Әрине, Андрей қуанышты. Кәсіпқой спортшы үшін мансабындағы кез келген жеңіс — маңызды. Стэнли кубогы секілді, жеңіп алған кубогымен елді-мекендерді аралаймын деп айтты. Мүмкін, қалжындаған шығар. Бірақ кім біледі...

Аршавин — Ресей футболы тарихындағы ең үздік футболшы. Қазақстан мен Ресей чемпионатындағы футболшылардың деңгейін салыстыра алмаймын. Бір айтарым Аршавин әлі күнге бабында. Мансабын Петербург қаласында аяқталса, стадионға бүкіл қала тұрғындары келеді», — деді Владислав Радимов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или