«Ертіс» жастары қалыпқа келу жаттығуын жасады
Павлодарлық «Ертіс жастары» Екінші Лиганың кезекті туры аясында «Шахтер жастарына» қарсы өткен жеңісті ойыннан соң қайта қалпына келу жаттығуын жасады.
Бүгін бапкерлер ұжымы павлодарлықтардың екінші құрамымен дайындық жұмыстарын өткізді. Соңғы кездесуде ойынды толық және басым бөлігін алаңда өткізген жігіттер жаттығудың жеңілдетілген түрімен айналысты. Ал, қосалқы құрамда қалғандар толық түрде дайындалды.
Асхат Мұсатаевтың шәкірттерінің келесі ойыны оралдық «Ақжайық жастарына» қарсы өтеді. Матч 18-қазан күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или