Әлішер Сүлей: Стадионның атмосферасы еуропалық деңгейде болды

Әлішер Сүлей: Стадионның атмосферасы еуропалық деңгейде болды

«Атырау» ФК жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлей Қазақстан кубогының финалындағы «Қайратқа» қарсы ойын  жайлы пікірін айтты.

- Біздің жігіттер ойынды жақсы бастаған. Осы матчқа екі апта дайындалдық. Сондықтан, дайындығымыз жақсы болды. Бірақ сәттілік жетіспей қалды деп ойлаймын.

- Сен ойынға екінші таймнан араластың. Бапкер қандай нұсқау берді?

- Ойынды өзіме алуым керегін айтты. Қақпаға жиі соққы жаса деді.

- Матчтың соңында сенде есепті теңестіретін мүмкіндік болған. Бірақ дәл соққы жасай алмай қалдың. Не жетіспеді деп ойлайсың?

- Асығыстық таныттым. Жаңа айтқанымдай, сәттілік жетіспеді. Алаңға көп шықпай жүрмін, ойын тәжірибемнің аз болуынан деп ойлаймын.

- Бүгін ақтөбелік жанкүйерлердің басым бөлігі «Атырауды» қолдады. Жалпы, стадионның атмосферасы қандай болды?

- Иә, Атырау мен Ақтөбенің жанкүйерлеріне алғыс айтамын. Ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Стадионның атмосферасы еуропалық деңгейде болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или