«Қайрат» Қазақстан кубогының иегері атанды
Бүгін футболдан Қазақстан Кубогының финалдық ойыны өтті.
Айта кететін жайт, бұл Қазақстан Кубогының 26-шы финалы. Осыған дейін «Қайрат» Қазақстан Кубогында жеті рет жеңіске жетсе, мұнайлы өлкенің командасы тек бір-ақ рет топ жарған екен.
Ақтөбенің «Қобыланды батыр» атындағы стадионында тартысқа толы кездесуде алматылық «Қайрат» пен «Атырау» кім мықтыны анықтады. Матчтың фавориті болған алматылық ұжым қарсыласынан сәл басым болды. Нәтижесінде, екінші таймда қарсыластың қателігін сәтті қолданған «Қайраттың» сұрмергені Жерар Гоу ойындағы жалғыз голды соқты.
Осылайша, «Қайрат» сегіз рет Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Ақтөбе қаласы. «Қобыланды батыр» атындағы стадионы. Қазақстан Кубогының финалы.
«Қайрат» - «Атырау» 1:0 (0:0)
Гол: Жерар Гоу 70
«Қайрат»:<span> </span>Плотников (в), Суюмбаев, Бато, Арзо, Ахметов, Элек, Парагульгов, Исламхан (к), Исаэл, Аршавин, Гоу.
Қосалық құрам:<span> </span>Покатилов, Соколенко, Лунин, Балтабаев, Қуантаев, Рудосельский, Вороговский, Анене.
«Атырау»:<span> </span>Нарзикулов (в), Джокич, Двалишвили, Лобжанидзе, Сикимич, Аблитаров, Нов. Максимович, Абрахманов, М. Хайруллин (к), Чичулин, Сергиенко.
Қосалқы құрам:<span> </span>Пасеченко, Тажимбетов, Сулей, Коробов, Кайраллиев, Эсатов, Калмуратов, Обшивач, Саломов.