Қазақстандық спортшы самбодан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы самбодан әлем чемпионы атанды

<span>Ақтаулық Рамазан Мамаев Сербияда өтіп жатқан жастар арасындағы самбодан әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. </span>

<span>Рамазан 62 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекеновтің айтуынша, Рамазан бірінші белдесуде Голландиядан келген қарсыласынан басым түскен. </span>

<span>«Сондай-ақ болгариялық атлетпен айқасқанда жеңіске қол жеткізді. Рамазан финалға шығатын кезде бар күшін салып, тәжік спортшысын еңсерді. Ол ақтық сында Моңғолиядан келген қарсыласына бір де бір мүмкіндік бермей, әлем чемпионы атанды», - деді Манарбек Бисекенов.</span>

<span>Тағы бір маңғыстаулық спортшы Жалғас Қаспаев 15 қазан күні чемпионатта өнер көрсетеді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или