Симеоне: Мені қонаққа шақырсаңыз, тамағыңызды ішіп алып, шағымданбаймын ғой

Симеоне: Мені қонаққа шақырсаңыз, тамағыңызды ішіп алып, шағымданбаймын ғой

«Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеоне Примераның 8-турында «Барселонаға» қарсы матч алдында каталониялықтардың алаңдағы көгал туралы сынына жауап қатты.

4-турдағы «Хетафе» - «Барселона» (1:2) матчынан кейін каталониялық клубтың өкілдері «Колисеум Альфонсо Перес» стадионындағы көгалдың биік екенін айтып, шамданған болатын.

«Мен бағбан емеспін, бапкермін. Менің мақсатым – команданы дайындау. Көгалға келер болсақ... Сіз мені қонаққа шақырсаңыз, мен сіздің дастарханыңызда отырып, тамағыңызды ішемін, стақандарыңызды пайдаланамын. Ешкімге шағымданбаймын ғой», - деді Симеоне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или