Берік Шаихов: Маусымның ең маңызды бөлігінде командаға қол ұшымды беруге дайынмын
«Шахтер» - «Астана» арасындағы кездесу елордалық команда пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Осы орайда «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі команданың қорғаушысы Берік Шаиховтан кездесудің қалай өрбігендігі туралы пікірін білген болатын.
- Бүгінгі ойын өте қиын болды. Матчтың алғашқы таймында екі команда да гол соғатын көп мүмкіндіктер бола қойған жоқ. Ал екінші таймда «Шахтер» командасы қақпасына өте жақсы шабуылдар ұйымдастыра алдық. Соның нәтижесінде өзімізге қажетті үш ұпайға қол жеткіздік. Жалпы ойынға берген бапкерлер құрамының тапсырмасын орындай алдық деп ойлаймын.
- Берік, ұзақ уақыттан кейін бүгінгі кездесуде бапкер сенім артып негізгі құрамда алаңға шықтың. Өзіңді қалай сезіндің?
- Мен маусымды «Оқжетепес» командасы сапында бастаған болатынмын. Алайда, ол жақта ойын тәжірибесі өте аз болды. Ал бүгінгі кездесуді бірінші минуттан бастап алаңда өткізгендіктен, аздап қиындау болды. Дегенмен, мен өзіме берілген мүмкіндікті сәтті пайдалануым керек. Маусымның ең маңызды бөлігінде командаға қол ұшымды беруге дайынмын.