Марин Томасов: Біз чемпиондыққа тағы бір қадам жасадық
«Астана» командасы негізгі құрамның көптеген ойыншылары жарақат алғандығына қарамастан, сыр алаңда «Шахтер» командасынан 1:0 есебімен басым түсті.
Қазақстанның үш дүркін чемпиондарының осы ойындағы көрсеткен ойыны туралы клубымыздың баспасөз қызметіне Марин Томасов өз ойымен бөліскен еді:
- Ең бастысы, ойыншылар жарақаттан аман, өзімізге қажетті үш ұпайға қол жеткіздік. Біз осы ойында жеңіске жету арқылы басты мақсатымыз - чемпиондыққа бір қадам жақындадық. Енді, алдағы жексенбі күні болатын «Ертіске» қарсы ойынға тыңғылықты дайындалатын боламыз.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» - «Ертіс» арасындағы ойын 15 қазан, 15:00-де «Астана Арена» спорт кешенінде өтеді. Ойын билеттерін ticketon.kz сайтынан онлайн жүйеде сатып ала аласыздар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или