ҚФФ кезекті Конференциясын өткізді
Астанада Қазақстан футбол федерациясының XV Конференциясы өтті. Шарада келесі шешімдер қабылданды.
1. Тексеру комиссиясының 2016 жылғы есебі бекітілді.
2. Тәуелсіз аудитордың есебі мен 2016 жылдың қаржылық есеп-қисабы бекітілді.
3. ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі Рафаэль Гарибаянның өкілеттігі тоқтатылды.
4. ҚФФ-ның мүшелігінен келесі ұйымдар шығарылды:
- ұйымның жабылуына байланысты «Алькен 2010» ЖШС-ы;
- ұйымның өтініші бойынша «Astana Cargo Terminal» ЖШС-ы;
- ұйымның өтініші бойынша «Семей қаласының футбол Федерациясы» ҚҰ-ы;
- ұйымның өтініші бойынша «Шымкент қаласының футбол Федерациясы» ҚҰ-ы;
- ұйымның өтініші бойынша «Облыстық футбол федерациясы» (Атырау облысы) ҚҰ-ы;
- ұйымның өтініші бойынша «Қазақстандық Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер лигасы» ЗТБ-сы.
5. ҚФФ-ның мүшелік құрамына келесі ұйымдар қабылданды:
- «Семей қаласының футбол бірлестігі» ЗТБ-сы;
- «Шымкент қаласының футбол федерациясының» бірлестігі» ЗТБ-сы;
- «Атырау облысы футбол федерациясының» бірлестігі» ЗТБ-сы.
6. ҚФФ-ның мүшесі «Павлодар облысының футбол федерациясы» ҚҰ-ы «Павлодар облысының футбол федерациясының» қауымдастығы» ЗТБ-сы болып өзгерді.
7. Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты ҚФФ-ның мүшелік құрамы бекітілді;
8. Толық атауы өзгерді:
- «мемлекеттік тілде: «Қазақстанның футбол федерациясы» Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
- орыс тілінде: Объединение юридических лиц «Ассоциация «Казахстанская Федерация футбола»;
- ағылшын тілінде: Association of Legal Entities «Association «Kazakhstan Football Federation».
9. Қысқартылған атауы өзгерді:
«мемлекеттік тілде: Қазақстанның футбол федерациясы немесе ҚФФ;
орыс тілінде: Казахстанская Федерация футбола или КФФ;
ағылшын тілінде: Kazakhstan Football Federation or KFF».
10. Енгізілген өзгерістерге байланысты жаңа Жарғы қабылданды.
11. Алматы қаласында «Қазақстан футбол федерациясының» бірлестігі» ЗТБ-сын «Қазақстандық футбол Федерациясы» бірлестігі» ЗТБ-сына өзгеруіне байланысты филиал құрылды.
12. «Қазақстандық футбол Федерациясының» бірлестігі» ЗТБ-сы «Ұлттық паралимпиадалық комитет» ҚБ-ысына кіру туралы шешім қабылданды.