Мақпал Исабекова Қазақстан Кубогының финалында ән шырқайды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Ақтөбеде өтетін Қазақстан Кубогы финалының қонағы танымал эстрада әртісі Мақпал Исабекова болатынын хабарлайды.
«Қайрат» - «Атырау» ойынының үзілісінде әнші Қобыланды Батыр атындағы Орталық стадионға жиналған барлық жанкүйерлерді өзінің өнерімен қуантады.
Барлық Ақтөбе тұрғындары және қала қонақтарын демалыс күні тамаша ойын-сауық шаралары мен футболдың куәсі болуға шақырамыз! Ойынға екі сағат қалғанда стадион территориясында фан-аймақ жұмыс жасай бастайды. Бұл жерде әр қалаған жанкүйердің өз футбол шеберлігін көрсетіп, жүлдеге ие болуға мүмкіндігі бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или