Томас Мюллер: Бар кінәні Анчелоттиге жабуға болмайды
Мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Томас Мюллердің айтуынша, команданың сәтсіз ойындары үшін бұрынғы бас бапкер Карло Анчелоттиді жазғырудың керегі жоқ.
«Егер команда алаңда өзіне сай ойынды көрсетпей, үмітті ақтай алмаса, бұған кінәлі футболшылар. Шынайы қарар болсақ, бар кінәні Анчелоттиге жабуға болмайды. Енді бәрі автоматты түрде жақсы болып кетеді деудің де керегі жоқ», - деді Мюллер.
Итальян маманы 28 қыркүйекте жұмысынан босаған болатын. Енді оның орнын маусым соңына дейін Юпп Хайнкес басты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или