Станимир Стоилов: Жеңіс оңай келген жоқ

Станимир Стоилов: Жеңіс оңай келген жоқ

«Шахтер» - «Астана» (0:1) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елордалық команда бас бапкері Станимир Стойловтың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Бүгін өте қиын ойын болды. Жеңіс оңай келген жоқ. Ойынға деген айрықша жігер таныта алмаған ойыншыларыма көңілім толған жоқ. Матчтың қиын болатынын білдік. Себебі, көп ойыншылар ұлттық құрамалары сапында болды. Маевский мен Кабананга командаға кеше ғана келіп қосылды. Тағы қайталап айтамын, командамның көрсеткен бүгінгі ойынына таңмын. «Астана» ойыншылары бұлай ойнамаулары керек.

- Бүгін негізгі құрамның бірнеше ойыншысы алаңға шыққан жоқ. Ал «Маккабиге» қарсы маңызды кездесуге аз ғана уақыт қалды. Ойыншылар осы кездесуге дейін дайын бола ала ма?

- Бізде жарақат алған ойыншылар өте көп. Мужиков пен Шомко әлі қатарға қосылған жоқ. Мен олар «Ертіске» қарсы өткізетін кездесуге дейін жарақаттарынан айығады деп сенемін. Ал Твумаси ұлттық құрамасынан әлі де оралған жоқ. Кляйнхайслер, Деспотович және Граховац жарақаттарынан жазылған жоқ. Біз «Маккабиге» қарсы өткізетін ойынды емес, «Ертіске» қарсы алдағы матчты ойлауымыз керек. Себебі, ойыншылар бүгінгідей ойын көрсететін болса, ол ойын да оңайға болмасы анық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или