ФИФА «Тараздан» 6 ұпай алып тастады

ФИФА «Тараздан» 6 ұпай алып тастады

«Тараз» футбол клубы ел чемпионаты аяқталар тұста алты ұпайынан айырылып қалды.

 Мұндай шешімді ФИФА-ның Тәртіптік комитеті қабылдады. Тараздық клуб Обиора Одитаға жалақысын толық төлемегені үшін алты ұпайынан айырылды.

Осылайша, «Таразда» қазір 26 ұпай бар. Команда 11-ші сатыға түсіп қалды.

Айта кетейік, маусымның басында «Атырау» да қарыздары үшін тоғыз ұпайдан айырылған болатын. Бірақ кейін бұл шешім өзгеріп, үш ұпай ғана алынатын болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или