«Қайраттың» қорғаушысы Елдос Ахметов жеті ойынға шеттетілді

«Қайраттың» қорғаушысы Елдос Ахметов жеті ойынға шеттетілді

Алматылық «Қайрат» клубының қорғаушысы Елдос Ахметов төрешіні боқтағаны үшін жеті ойынға шеттетілді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.<br /><br /> Тәртіп бақылау комитеті ҚПЛ-ның 29-шы турының «Ертіс» - «Қайрат» (1:1) ойынында болған эпизодты қарастыру қорытындысы бойынша осындай шешімге келді.

Естеріңізге салайық, аталмыш жағдай 30 қыркүйек күні Павлодарда өткен кездесуде болған. Ахметов бірінші таймға қосымша уақыт қосылған кезде қолын сермеп, сары қағаз алған болатын. Алайда біраз уақыт өткен соң төреші оған қызыл қғаз көрсетіп, алаңнан қуған. Төрешілер мен инспекторлар департаментінің директоры Николай Левников төрешінің шешімін дұрыс деп бағалады.

«ҚФФ ТШ 118 бабына сәйкес, «Қайрат» командасының қорғаушысы Е. Ахметовты кездесудің ресми өкіліне балағат сөз айтқаны үшін жеті ойынға шеттетеміз. Е. Аметовтың дисквалификация мерзімі 2017 жылдың 01 қазанынан басталсын», - делінген хаттамада.<br /><br /> Сонымен қатар, «Қайрат» клубының бас бапкері Карлос Феррерге айыппұл ретінде санкция қолданды. Матч барысында төрешінің рұқсатынсыз бірнеше рет техникалық аймақтан шыққаны үшін испаниялық маманға 150 000 (жүз елу мың ) теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или