Бразилия Чилиді Әлем чемпионатына жібермеді
Әлем чемпионатына іріктеу аясында Бразилия мен Чили құрамалары кездесті.
Бұл қос құрама үшін де іріктеудегі соңғы ойын болатын. Әлем чемпионатына алдын ала жолдама алып қойған Бразилия құрамасының бапкері бұл ойынға кілең мықтыларын шығарды. Ал Чили құрамасына дүбірлі додаға қатысу үшін қалай де бүгінгі ойында жеңілмеу керек болатын. Алайда олар аталған тапсырманы орындай алмай ірі есеппен жеңіліп қалды. Нәтижесінде Америка Кубогының жеңімпаздары Әлем чемпионатынан тыс қалды.
Бразилия – Чили – 3:0 (0:0)
Голдар: Паулиньо 55, Жезус 57, 90+3.
Бразилия: Эдерсон, Сандро, Алвес, Миранда, Маркиньос, Каземиро, Паулиньо, Ренато Аугусто (Фернандиньо 82), Коутиньо (Фирмино 87), Жезус, Неймар (Виллиан 85).
Чили: Браво, Исла, Хара, Медель, Босежур, П. Эрнандес (Паредес 77), Фуэнсалида (Пуч 63), Вальдивия, Арангис (Пульгар 46), Варгас, Санчес.
Ескерту алғандар: Коутиньо 40, Неймар 45+1, Санчес 54, Исла 68.