Аргентина Әлем чемпионатына барады
Футболдан Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионаты әлемнің үздік ойыншыларының бірі Мессисіз өтуге жақын еді.
Аргентина құрамасына Әлем чемпионатына жолдама алу үшін соңғы турда сырт алаңда Эквадор құрамасын жеңу керек болатын.
Марадоннаның отандастары үшін кездесу сәтсіз басталды. Ойынның басталғанынан небары 38 секунд өткенде алаң қожайындары есепте алға шықты.
Дәл осы сәтте соңғы ойындарда жеңіске жету былай тұрсын гол соғу мұң болып жүрген Аргентина құрамасының басына қара бұлт үйрілгендей көрінген.
Алайда Месси айналдырған сегіз минуттың ішінде бәрін өз орнына қойды. Алғашында Ди Марияның пасын ұтымды пайдаланып есепті теңестірсе, кейін қорғаушылардың шалт қимылын сәтті пайдаланып құрамасын есепте алға шығарды.
Ал кездесудің екінші таймында Месси тағы бір керемет гол соғып Аргентина құрамасына Ресей жеріндегі Әлем чемпионатына жолдама алып берді.
Эквадор – Аргентина – 1:3 (1:2)
Голдар: Ибарра Мина 1 – Месси 12, 20, 62
Эквадор: Бангера, Веласко, Арболеда, Рамирес, Ибарра, Ибарра Мина, Интриаго (Учуари 77), Орехуэла, Севальос (Э. Валенсия 41), Аймар, Ордоньес (Эстрада 64).
Аргентина: Ромеро, Меркадо, Маскерано, Отаменди, Акунья, Билья, Сальвио (Фасио 90), Э. Перес, Ди Мария (Паредес 84), Месси, Бенедетто (Икарди 76).
Ескерту алғандар: Севальос 14, Акунья 51, Билья 61, Эстрада 75, Маскерано 86.