Қазақстан өз алаңында Болгарияны ұта алмады

Қазақстан өз алаңында Болгарияны ұта алмады

Қазақстан жастар құрамасы «Астана Аренада» болгариялық құрдастарымен тең түсті.

Кездесу 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен. Бұл құрамалар бірнеше күн бұрын Болгарияда кездескен еді. Сол кезде таблода 2:2 есебі тіркелді.

Ал «Астана Аренада» футболшылар жылдам гол соға қойған жоқ. Үзіліске дейін есеп ашылмады.

Тек 76-минутта ғана жанкүйерлер алғашқы голды көрді. Абырой болғанда, голды алаң иелері соқты. Қонақтардың айып алаңында допты Бақтиер Зайнутдинов қабылдап алып, тура соққы жасады – 1:0.

Бірақ қонақтар матч есебін теңестіріп кетті. 89-минутта бұрыштан әуелеген допты Керчев қақпада тулатты - 1:1. Матч осы есеппен аяқталды.

Осы ойыннан кейін Қазақстан жастар құрамасы 6 ұпай жинап, топта үшінші орында келеді. Ал Болгария 2 ұпаймен 5-ші сатыда тұр. Қазақстан өзінің негізгі бәсекелестерінен екі матч көп өткізді.

Қазақстан - Болгария 1:1 (0:0)

Голдар: 1:0 - Зайнутдинов 76, 1:1 - Керчев 88

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или