Бразилиялық фанаттар өз құрамаларына жеңіліс тілеуде
Бразилиялық жанкүйерлер әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта өз құрамаларына қарсы қолдау көрсетпек. Себебі Бразилияның қарсыласы – Чили, олар Аргентинаның әлем чемпионатына өтудегі негізгі бәсекелесі саналады.
Бразилиялық фанаттар #EntregaBrasil (Беріл, Бразилия) хэштегін шығарып, өз құрамасын жеңіліп қалуға шақыруда.
Brasil y Chile siempre han sido pueblos hermanos y los 2 le tenemos bronca a Argentina #EntregaBrasil .Está todo dado para la fiesta (?)
— Juan Marin (@juanmarinmunoz) 6 октября 2017 г.
«Бразилиялықтар мен чилиліктер қашан да ағайынды ұлт болған. Екеуіміз де аргентиналықтарды жек көреміз. Бұл мереке жасаудың себебі емес пе?»
#EntregaBrasil Pela Argentina fora do mundial !!!
— Fabián G.(ex Lomo P) (@Godthrasher) 7 октября 2017 г.
«Аргентинасыз өтетін әлем чемпионаты үшін».
#EntregaBrasil piensen una cosa Messi jamás dejo brillar a Neymae en el barca.. y se tubo que ir ..Revancha quitarle el mundial
— odette (@lilian_odette) 6 октября 2017 г.
«Мына нәрсені ойлаңыздаршы: Месси Неймарға командада жарқырау үшін мүмкіндік бермеді, сондықтан оған кетуге тура келді. Мундиальді тартып алсақ, кек алғанымыз».
Аргентиналықтар бұған 2014 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы Бразилия – Германия матчын естеріне түсірді.
você já entregou o Brasil<br />ou você esquece<br />Você deu sua bunda<br />#EntregaBrasil pic.twitter.com/rRTCtO6Nb5
— Vamos Boca Campeón ! (@Americoo_OK) 6 октября 2017 г.
«Бразилия бір рет берілген болатын. Әлде ұмытып кеттіңіздер ме? Сол кезде өз «арттарыңды» беріп қойып едіңдер».
Бүгінгі таңда Аргентина алтыншы орында келеді. Төртінші орын әлем чемпионатына тікелей жолдама береді. Ал бесінші орын алған команда електік матч өткізеді.