Ференц Пушкаш сыйлығына үмітті үш гол белгілі
Маусымдағы ең әдемі гол үшін берілетін Ференц Пушкаш сыйлығына үміткерлердің саны үшке қысқарды.
Әуелде Пушкаш сыйлығына үміттілер қатарында он адам болған.
Олар: Марио Манджукич («Ювентус»), Неманья Матич («Челси»), Оливье Жиру («Арсенал»), Кевин-Принс Боатенг («Лас-Пальмас»), Алехандро Камарго («Универсидад Консепсьон»), Дейна Кастельянос (Колумбия U-17), Мусса Дембеле («Селтик»), Авилес Уртадо («Тихуана»), Оскарине Масулуке («Барока»), Хорди Мбула («Барселона» U-19)
Дауыс беру қортындысында финалдық кезеңге «Арсенал» шабуылшысы Оливье Жиру, Колумбия U17 құрамасының ойыншысы Дейна Кастельянос және «Барока» қақпашысы Оскарине Масулуке өтті.
Пушкаша сыйлығының жеңімпазы ФИФА-ның сайтындағы дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс берудің қортындысы 23-қазан күні Лондонда өтетіп марапаттау рәсімінде жарияланады.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы малазиялық «Пулау Пинанг» командасының ойыншысы Фаиз Субридің голы үздік деп танылған.