Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Биылғы жылы Абу-Дабиде өтетін клубаралық Әлем чемпионатының жеребесі тартылды.
Жарысқа жеті команда қатысады деп жоспарлануда. Чемпиондар лигасында топ жарған «Реал» турнирді бірден жартылай финалдан бастайды.
Оның қарсыласы тоғызыншы желтоқсан күні белгілі болады. «Аль-Джазира» - «Окленд Сити» жұбының жеңімпазы Азия чемпиондар лигасының чемпионымен кездеседі. Қай жеңгені мадридтік командамен жартылай финалда ойнайтын болады.
Екінші ширек финалда «Пачука» мен Африканың чепиондар лигасының жеңімпазы кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазын жартылай финалда Либертадорес Кубогының жеңімпазы күтіп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или