Астаналық тұрғын 6 сағатта 80 шақырым жүгірді
Сенбі-жексенбі күндері елордадағы Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік тас жолында «Self-Transcendence – өз-өзінді бағындыру деп ататалатын ультрамарафон өтті.
Қатысушылар 6 сағат, 24 сағат және 100 шақырым бойынша жүгірді. Алдымен 6 сағатқа жүгіргендердің жарысы аяқталды. Осы уақыттың ішінде ең көп қашықтықты бағындырған Козлов Яков болды. Ол 80 шақырым жүгірген. Екінші орында – Бақтияр Қасенов есімді азамат (65 шақырым). Үздік үштікте Мұрат Әубәкіров есімді әуесқой жүгіруші бар.
Алғашқы 10 мындық мынандай:
1. Козлов Яков – 80 шақырым
2. Бақтияр Қасенов – 65
3. Мұрат Әубәкіров – 65
4. Әсет Төлтебаев – 63
5. Зейнулла Сейітов – 61
6. Виктор Чупринскас – 60
7. Шыңғыс Ысқақов – 57
8. Әнуар Ибрагимов – 56
9. Самат Панов – 55
10. Нұрдәулет Бекішев – 55.