Қазақстан - Армения: сандар сөйлейді

Қазақстан - Армения: сандар сөйлейді

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын өз алаңында Арменияға қарсы өткізіп, матч 1:1 есебімен аяқталды

Осы кездесу барысында орын алған сандық көрсеткішті назарларыңызға ұсынамыз. 

Алаң иелері 90 минуттық тартыс барысында 55% допқа иелік етсе, қонақтар уақыттың 45%-ын ала допты өздерінде ұстады. 

Александр Бородюктің шәкірттері 13 рет қарсыластардың қақпасына соққы жасаған, оның бесеуі тура бағытталды. Ал, Артур Петросянның құрамасы 17 рет Лорияның қақпасын көздеп соққы жасаған, оның алтауы тура ұшты. 

3 рет қазақстандықтар допты бұрыштамадан ойынға қосса, армениялықтар 6 рет бұрыштама көтерген. 

Ақ жейделі футболшылар бұл матч кезінде 2 рет ойыннан тыс қалды, ал, қызыл жейделі қарсыластар 1 рет офсайд сызығына түсіп қалған. 

Қазақстан құрамасы осы ойында 551 рет пас алмасқан, оның ішінде 454 пас дәл жасалды. Армения 371 рет пас алмасып, 287 рет допты әріптестеріне дәл жеткізді. 

Тәртіп бұзудан алаң иелері басым. 20 рет жерлестеріміз бас төрешінің ысқырығын шалдыруға мәжбүр болды. Сол үшін 3 футболшы сары қағаз алды. Армениялықтар 13 рет ереже бұзыпты, 1 ойыншысына ғана ескерту жасалды. 

Осы ойынды есепке алғанда, футбол тарихында Қазақстан мен Армения 7 рет кездесіпті. 2004 жылдың 19-ақпанында халықаралық Кипр турнирінде алғаш рет жолыққан қос ұжым тартысты 3:3 есебімен аяқтапты. Пенальти сериясында (3:2) армениялықтардың бағы үстем болды. 

Жалпы, 7 кездесуде 4 рет Армения жеңіске жетіп, 2 рет тең есеп тіркеліп, 1 рет Қазақстан қарсыластарын тізе бүктірген. Бұл жеңісті матч осыдан 10 жыл бұрын, 21-қараша 2007 жылы өткен екен. Кездесу 0:1 есебімен аяқталған, жалғыз голдың авторы - Сергей Остапенко. Сол кездегі құрамнан осы жолы тек Давид Лория ғана өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или