Қазақстан құрамасы соңғы 11 жылдағы ең нашар нәтиже көрсетті

Қазақстан құрамасы соңғы 11 жылдағы ең нашар нәтиже көрсетті

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін өте сәтсіз өткізді.

Ресейде өтетін әлемдік доданың іріктеу кезеңінде Қазақстан жеңіске жете алмай, үш ұпай ғана еншіледі.

Бұл соңғы 11 жылдағы ең нашар көрсеткіш болды. 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде ұлттық құрамамыз бір ғана ұпай жинаған болатын. Ал келесі іріктеу кезеңінде (Еуропа чемпионаты-2008) 10 ұпай еншілеген. Бұл әзірше Қазақстанның ең үздік нәтижесі саналады.

Қазақстан құрамасының әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу кезеңінің нәтижелері:
Әлем чемпионаты-2018 — 3 ұпай
Еуропа чемпионаты-2016 — 5 ұпай
Әлем чемпионаты-2014 — 5 ұпай
Еуропа чемпионаты-2012 — 4 ұпай
Әлем чемпионаты-2010 — 6 ұпай
Еуропа чемпионаты-2008 — 10 ұпай
Әлем чемпионаты-2006 — 1 ұпай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или