Қазақстан құрамасының жеңіссіз сериясы 12 ойынға жетті
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін Арменияға қарсы матчпен аяқтады.
Кездесу 1:1 есебімен бітті. Осылайша, Қазақстан қатарынан 12 матч бойы жеңіске жете алмай келеді.
Бұған дейін қазақстандық футболшылар Польша (2:2) және Румыниямен (0:0) тең түсіп, Черногория (0:5, 0:3), Дания (1:4, 1:3), Армения (0:2), Польша (0:3) мен Румыния (1:3) құрамаларына жол берді. Бұл ойындардың арасында Қырғызстан (0:2) және Кипр (1:3) құрамаларымен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіліп қалған болатын.
Қазақстан құрамасы соңғы рет 2016 жылы 7 маусымда жеңіске жетті. Бұл Қытайға қарсы жолдастық кездесу еді – 1:0. Ал ресми матчтарда соңғы рет, шамамен, екі жыл бұрын үш ұпай олжалаған. 2015 жылы 13 қазанда құрамамыз ресми ойында Латвияны ұтқан болатын.