«Е» тобының қорытындысы

«Е» тобының қорытындысы

«Е» тобында 2018 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің матчтары аяқталды.

Соңғы турда топ көшбасшысы Польша өз алаңында Черногорияны 4:2 есебімен жеңді. Дания құрамасы Румынияны қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Мұндай есеп Астанада да тіркелді. Қазақстан ұлттық құрамасы Армениямен ұпай бөлісті.

Іріктеудің қорытындысы бойынша, Польша құрамасы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Ал Дания енді електік матчтарға қатысады.

Айта кетейік, бұл топта жеңіске жете алмаған бір құрама бар. Қазақстандық футболшылар он матчтың үшеуінде тең түссе, қалған жетеуін жеңіліспен аяқтады.

«Е» тобының қорытынды кестесі:

Польша – 25 ұпай

Дания – 20

Черногория – 16

Румыния – 13

Армения – 7

Қазақстан – 3

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или