ӘЧ – 2018: Е тобында - Қазақстан соңғы

ӘЧ – 2018: Е тобында - Қазақстан соңғы

Футболдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2018 іріктеу кезеңнің соңғы матчында Армения командасымен кездесті.

«Астана Аренада» өрбіген тартысты ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Алдымен, кездесудің 26-шы минутында Арменияның жұлдызы Гейнрих Мхитарян Лориямен бірге-бір шығып, қақпашыдан айласын асырды. Артынша, алаң қожайындары таразы басын теңестірді – Роман Мұртазаевтың пасынан Бауыржан Тұрысбек баспен гол соқты. Матч соңына дейін нәтиже өзгермеді.

Осылайша, Александр Бородюктің командасы үш ұпаймен іріктеу кезеңді соңғы сатыда аяқтады. 

ӘЧ – 2018. Іріктеу кезең

Қазақстан – Армения – 1:1 (0:1)

Голдар: Тұрысбек 62 – Мхитарян 26

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или